09 Желт 2020
Мектеп өмірінен

Мектеп өмірінен

Қаратал мекенінде ХІХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында  Байкелді, Қаракөл, Сидақ мекендерінде мұсылманша сауат ашып оқытқан мешіт пен мектептер болды. Кеңес үкіметі кезінде Қаңбақтысай жерінде Жаңатуған деген атпен мектеп ашылды.


Ұлы  Отан соғысына дейін ауданда сегіз бастауыш мектеп болды. Солардың бірі  Құрманов бастауыш мектебі. Соғыстан кейін мектеп Құмсайға көшіріліп, 1953 жылдан 1961 жылға дейін Құмсай 8 жылдық мектебі деп аталды. Осы мектептің директоры болып  Орынбасарова  Құрманша жасады. Сонымен қатар осы мектепте ұстаздар Д Ермаханов, ағайынды Қайырша, Үсенғали Жаңбыровтар, М Амирова Қазақстанның аға мұғалімдері Қ Шегетаев, Қ Қазыбаев, Қаз КСР Халық ағарту ісінің үздіктері Б Жабасов, Т Тәжіғалиев ұстаздық қызмет атқарған.     

                      

1963 жылы кеңшар құрылғанда Қаратал ауылында алғаш төрт жылдық мектеп ашылды. Осы мектептің алғаш меңгерушісі болып Ержанғалиев Тайжан жасады. Сонымен бірге мұғалімдер Ерденова Рая –бастауыш, Мүбәрәкова Хамза – қазақ тілі, Мұқашева Жамал – бастауыш қызмет атқарды.

1965 – 1976 жылдар аралығында мектеп Ш Берсиев атындағы 8 жылдық мектебі болып аталды. Ол қазіргі мектеп интернатының үиінде орналасты. Мектептің интернаты, асханасы жұмыс жасады. Осы мектептің директоры болып Абдрахманова Мүгілсін (1965-1969) жылдары жасады.

Ш Берсиев атындағы орта мектептің алғаш құрылғанынанда осы мектепте ұстаздық қызмет атқарғандар; Ү Тоқтабаев, Амирова М, Орынбасарова Қ, Жабасов Б, Тәжіғалиев Т, Ермұханов Д, Қазыбаев Қ, Шегетаев Қ, Әменкина З, Мұқашева Ж, Асқарова Б, Есқалиев Н, Дәрментаева Ж, Тұрмұханов Ж, Дильмұхамедова З. Сапарғалиева М.

Келесі 1969-1975  жылдары  Ш Берсиев атындағы орталау мектеп директоры болып Қожақова Базар тағайындалды.

Осы кезеңде мектепке жас мамандармен, жаңа  ұстаздармен толықтырылды. Оларды атап айтсақ ; Кенжебаев Алпыс – жас маман  АӘД, кәсіподақ төрағасы, Нұрғожина  Ақұштап – пионер вожатый, Айтқалиев Мұқанбет – физика, Ешмұқанов Мұқанбет – физика, Сүлейменов Базарбай – тарих, интернат меңгерушісі,  Есенғалиева Базаргүл - неміс тілі (жас маман), Сапарғалиева Марекен – бастауыш, (сынып жетекші – 1955 ж түғандар), Есқалиева Батима – еңбек (жас маман, 1969 ж  келген), Айтқұлов Жолдыбай – ән (1969 ж келген), Қосжанов Қабай – география, Сағиева Алтынсары – анатомия, биология, Хасанова  Мария – алгебра, геометрия, Тұрмұханов Ж – физика, Дильмұхамедова З – орыс тілі,


1975 жылдың  мектеп атауы Ш Берсиев атындағы қазақ орта мектебі (1975.09.) деп өзгертілді. Осы жылдың басында Б Жабасов уақытша диектордың міндетін атқарушы болып жасады. Ал 1975 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп директорына  жас басшы Мағзымов Салауат Бақыбайұлы келді. Ол Ш Берсиев орта мектебін 1975 – 1983 жылдар аралығында басқарды.

С.Б. Мағзымов  өте талапшыл, жұмысқа қатал, тәртіпке, білімге, мектеп тазалығына көп көңіл бөлген басшы болды. 1976 жылдың қыркүйегінде ауылымызға жаңа екі қабатты мектеп пайдалануға берілді. 1975 – 1980 жылдар аралығында Ш Берсиев атындағы орта мектебіне  жаңадан жас мамандармен толықтырылды. Олар Мағзымов С – мектеп директоры, Бақытжанова Г – математика, кейін оқү ісі жөніндегі орынбасары, Құрманалина Л – математика, партком секратары, Шаңғала С – қазақ тілі, әдебиеті, Мурзалиева М – химия, Еңсегенова Қ – қазақ тілі, әдебиеті, Шахметова Қ – орыс тілі, әдебиеті, Жаңбыров А – орыс тілі, әдебиеті, Жұмағазиева Ә – физика, Медетов С – дене шынықтыру, Жабасов М – география, Мұқанов А – дене шынықтыру, Мұқанова Г – орыс тілі, Таңатарова Ұ – математика, Жұмалина К – математика, Түлебаева Б – тарих, Нұғметов С – еңбек, Жиева К – комсомол секратары.


1983 жылы мектеп директоры болып Қадирова  Қанзира Өтеуқызы сайланды. 1980 -1985 жылдары мектепке жаңадан жас ұстаздармен толықтырылды. Олар Сағызбаева А – математика, Әбілова Қ – бастауыш, Ідірісова Г – бастауыш, Доспанбетов Е – дене шынықтыру, Батырғалиева Б – физика, Насырова Н – ән, Қоразова М – бастауыш, Берсеева Г – кітапханашы, Жалмұханова Ж – бастауыш, Кенжебаева К – пионер вожатый, Елеуов А – математика,  Қарабалина Б – орыс тілі,әдебиеті, Өткелбаева С – физика, Карбелова Л – неміс тілі, Маймақова  Г – бастауыш, Ізбасарова А – бастауыш. Осы мұғалімдер оқушылардың білімін көтеруге өз үлестерін қосты.

1985 жылы мектепке Қуатова Ботакөз директор болып тағайындалды.Ол 1994 жылға дейін осы мектепті басқарды. 1985 – 1995 жылдары Ш Берсиев атындағы орта мектебіне  жаңадан жас және басқа жерден қоныс аударып келген  мамандармен толықтырылды.  Атап айтсақ Қожақметов Б – орыс тілі,әдебиеті,оқу ісі орынбасары, Зейнуллина К – қазақ тілі, әдебиеті, Нұртанова Р – орыс тілі,әдебиеті, Сәрсенғалиева Қ – бастауыш, Арапбаева Л – неміс тілі, Тұрарова Ж – химия, Мұханбеталин Қ – дене, еркін күрес үйірмесі, Бурабаев Т – дене шын -у, Қарабалин А – тарих, құқық, Мусина А – физика, Жалғасбаева Б – бастауыш, Мырзағалиева А – физика, Оспанова Қ – биология, Жабасов Қ – еңбек, мастер, Ихсанова А – орыс тілі, әдебиеті, Әубәкірова Ә – физика, Максимов Е – ән, дене, НВП, Мырзағалиева  Айнұр – тәрбиеші, Сәндіғалиева Н – тәрбтеші, Нұрғазина Ж – шет тілі, Нұрғазин Б – шет тілі, Исаева Д – информатика, Базарбаева Ә – тәрбиеші, кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары .

1994-1998 жылдары мектепті Қожахметов Бекболат   басқарды. Осы 1994 – 1998 жылдары Ш Берсиев атындағы орта мектебіне басқа жерден көшіп келіп қоныстанған  ұстаздармен және жас мамандармен толықтырылды. Олар Сатыбалдина С – еңбек, Нұрбалиева Л – қазақ тілі, әдебиеті, Шегетаев К – ән, бейнелеу, Хасенов Ө – дене шынықтыру,  Жауынбаева И – қазақ тілі, әдебиеті, Дүйсенғалиев А – сызу, бейнелеу, Сүлейменов С – тарих, география, Әлиева Г – орыс тілі, әдебиеті.

1999 – 2003 жылдары мектеп директоры болып Нұрғазина Жамила Хасанбайқызы жасады.

2002 жылдың қаңтарында мектеп атауы Ш Берсиев атындағы мектеп бала-бақшасы болып өзгертілді. Мектеп шатыры ақ профилис қаңылтырмен  өзгертілді. Жылу жүйесінің трассасы жаңартылды.Мектеп ұжымының күшімен тары, картоп егілді. Тарыны қолмен орғызып, халыққа таратылды.Информатика кабинетіне жаңа компютерлер әкелініп, оқушыларға, ұстаздарға пайдалануға берілді. Бұл кезеңде мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарына  Шахметова Қ, Сағызбаева А, Сүлейменов С, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына Базарбаева Ә жасады. Осы уақыт аралығында  мектебімізге жаңадан мамандар келіп қосылды. Олар Ещанова Ә – экономика, Оразғалиев Е – ән, АӘД, Ещанова Мәншүк – қазақ тілі, әдебиеті, Мұқашев Ә – еңбек, Әділов Н – дене шынықтыру, Нұғыманов Ә – тарих, география, Ыбрашев Б – неміс тілі, Нұрғазин М – дене шынықтыру, Ибрашева Г – бастауыш, Әлиева Ж – қазақ тілі, әдебиеті, Нұрбалиев Қ – тарих, Р Жабасова Р – мейірбике.

М.А.Мұқашев 01.05.1983ж туған. Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетінің математика факультетін  бітірген. Қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік  мектебінде  аға оқытушы. Ақтөбе қаласында тұрады.    
                                                                                                               

2003 – 2005 жылдары мектеп директоры болып Сүлейменов Саян Сапарұлы тағайындалды. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғазина Ж, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Базарбаева Ә , Жауынбаева И  кәсіподақ комитетінің төрағасы Хасенов Ө  атқарды.Мектеп бау-бақша отырғызды. Оған картоп, сәбіз, ақ тары егілді. Мектепке жаңа су жинайтын ауатри алынды. Осы кезеңде мектепке жаңадан ұстаздар қосылды. Атап айтсақ. Әбілов А – сызу, бейнелеу. Нысанбай Ә – психолог, Елеуова Г – технология, Жакенова Р – бастауыш, Ибрашев С – есепші,өлкетану үйірмесі, Оразғали Ж – домбыра үйірмесі, Әбілова А – математика, Ещанова Мирамгүл – математика, Медетова А – би үиірмесі.   

2005 – 2007 оқу жылдары аралығында  мектеп директорлығына Оспанова Қарылға сайланды. 2005-2007 жылдары мектеп директоры болып жасады. 2006 жылы мектепке жаңа парталар, столдар, тақталар, шкафтар әкелінді. Кабинеттердің есіктері жаңадан ауыстырылды. Сонымен қатар балабақша да жаңа жабдықтармен жаңартылды. Мектептің әкімшілік қызметкерлері оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғазина Ж, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Базарбаева Ә , кәсіподақ комитетінің төрағасы Хасенов Ө, Нұрғазин Б атқарды. Осы кезеңде мектепке жаңадан мұғалімдер қосылды. Олар Әлиев Н – дене шынықтыру, Таңатарова А – технология, Мырзағалиева Б – тарих, география, Өтемісов Е – технология, Максимова Г – қазақ тілі, әдебиеті, Арыстанова Л – мейірбике.

2007 жылдың тамыз айында Ш Берсиев атындағы мектеп бала-бақшасына директорлық қызметке Бегалин Есенгелді Бақтыбайұлы  келді.

 

Мектепте 2007 жылы физика кабинеті, 2009 жылы химия кабинеті, 2010 жылы биология  және мультимедия кабинеттері ашылып, заманауи үлгіде жасақталды. Ол кабинеттерге  жаңа  парталар, орындықтар, компютерлер, ноутбуктар, видеопроекторлар, интерактивті тақталар т.б орнатылды.

Мектеп директорының оқу ісі орынбасары Нұрғазина Ж, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жауынбаева И, кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрғазин Б атқарды. Бұл уақыт аралығынды ұжым жаңадан жас мамандармен толықтырылды. Олар Сүлейменов Н – оқу шебері, Мақсұт Қ – биология, Әлкенова Р – ағылшын, Ахметов С дене шынықтыру, Доржан Т- ән, Нұғыманова А – ағылшын, Әбиева Д – география, Жұмабаева Г – тарих, Жармағамбетов Е – математика, Мамбеталин Ж – математика, Дәуленова А – қол өнер үйірмесі, Әжмұханбетова А – информатика, Халидуллина Н – тәлімгер, Сәрсенғалиева С – іс қағазын жүргізуші, Базарова Т – география, Жолдыбаева А – хатшы.

 

2013 жылдың тамыз айында мектеп директоры болып Ертемирова Нұрзия Садуақасқызы. 2017 жылдан бастап мектеп директоры Нұрғазин Байқадам.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар