15 Қырқ 2022
Мектеп өмірінен

Мектеп өмірі

Ш.Берсиев атындағы орта мектебі Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылдық округінде орналасқан. Мектептің негізгі өзекті мәселесі: Жаңа технологиялар мен инновациялық оқу бағдарламалары негізінде жұмыс істеп, жеке оқушының дүниетанымын көтеру арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда 268 оқушы және даярлық тобында 22 оқушысы сонымен қатар 14 сынып комплектісі бар. Мектебімізде жалпы 49 әр түрлі санатты мұғалімдер жұмыс жасайды. Атап өтсек, 9 педагог-зерттеуші, 5 педагог-сарапшы, 9 педагог-модератор, бірінші санатты 9 және екінші санатты 6 мұғалім және жас мамандар білім беруде.

Сонымен қатар мектебімізде 9 үйірме және мектеп жанындағы интернат жұмыс жасайды.Мектеп жанындағы интернатта 13 оқушы жатады.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар